
2026 жылдың 22 шілдесінде Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, ауданымыздың абыройын асқақтатқан біздің мектептің оқушысы, Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің 11-сынып түлегі Құмарбекова Маржан Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаевтың қабылдауында болды. Күршім ауданының елге жанашыр, туған жердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарының атынан Д.Тоқтыбаев келіп арнайы сый-құрмет көрсетті.
Бұл – білім мен еңбекті бағалаудың, жас буынға деген сенім мен қолдаудың жарқын көрінісі. Осындай құрмет жас түлектерге үлкен шабыт сыйлап, алдағы білім жолында жаңа белестерді бағындыруға жігер береді.
Білім бәйгесінде үздік нәтиже көрсеткен біздің мектептің түлегін шын жүректен құттықтаймыз! Маржанға жарқын болашақ, толағай табыс пен биік жетістіктер тілейміз!
Туған жердің мерейін үстем етіп жүрген аудан азаматтарына өскелең ұрпаққа көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін зор алғыс білдіреміз. Бірлігі бекем елдің болашағы да баянды!
https://www.instagram.com/reel/DbJOT62sbc9/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1262906?lang=ru

Жауап қалдыру