Жыл соңына дейін Қарағанды облысында 500-ге жуық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бейімделген дене шынықтырудың негіздері мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бағытында оқытудан өтеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл соңына дейін Қарағанды облысында 500-ге жуық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бейімделген дене шынықтырудың негіздері мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бағытында оқытудан өтеді. Соның нәтижесінде өңірдегі әрбір мектепте кемінде бір арнайы даярланған маман болады.
Бұл жоба инклюзивті білім беруді жүйелі түрде дамыту жұмысының жалғасы саналады.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тоқсан сайын мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен кездесіп, салалық ведомстволармен бірге өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын қарастырады.
Жаңа оқу жылынан бастап бейімделген дене шынықтыру пәні Қарағандыдағы екі колледждің білім беру бағдарламасына енгізіледі. Осылайша болашақ дене шынықтыру мұғалімдері қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды оқу барысында-ақ меңгеруге мүмкіндік алады.
Мүгедектігі бар жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктері де кеңейіп келеді. Егер өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының пилоттық жобасына 10 адам қатысса, биыл олардың саны 50-ге жетті.
Қазіргі таңда Қарағандыда «Әсет Инклюзив» қоғамдық бірлестігі жанындағы «Бізбен бірге бол» интеграциялық орталығының базасында инклюзивт

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1263207?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді