Ұлытау облысында білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді.

Мониторингтің II кезеңі барысында Жаңаарқа ауданының – 12, Ұлытау ауданының – 11, Жезқазған қаласының – 5 және Қаражал қаласының – 2 білім беру ұйымы қамтылып, барлығы 30 мектептің жаңа оқу жылына дайындығы зерделенді. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жай-күйі, ғимараттар мен инженерлік-коммуникациялық жүйелердің дайындығы, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының орындалуы, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, санитариялық-гигиеналық жағдайы, қолжетімді орта талаптарының орындалуы, сондай-ақ педагог кадрлармен және оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері қамтылды.

Жалпы мониторинг нәтижесінде білім беру ұйымдарының басым бөлігінің жаңа оқу жылына дайындығы қамтамасыз етілгені анықталды.

Өңірде білім беру нысандарын жаңғырту және реновациялау жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, Жезқазған қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінде, №8 гимназиясында, №13 жалпы білім беретін мектебінің оқу блогы мен негізгі ғимаратында, сондай-ақ №26 гимназиясында, Жаңаарқа ауданындағы «Ынталы жалпы білім беретін мектебінде» және «Еламан Шаханов атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық)», сондай-ақ Қаражал қаласының №30 жалпы білім беретін мектебінде күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Мониторинг нәтижесінде бірқатар білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарының қарқынын күшейту, қауіпсіздік жүйелерін қалпына келтіру, материалдық-техникалық базаны нығайту, қолжетімді орта талаптарын қамтамасыз ету және кадр мәселелерін шешу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі анықталды.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті ұсынымдар берілді.

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жаңа оқу жылы басталғанға дейін берілген ұсынымдардың орындалуын бақылауды жалғастырады.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1263478?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді