ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында Түркістан облысының мәслихатының депутаттары Дулат Әбіш, Ғани Райымбеков және аудан әкімі Азат Оралбаевтың қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті.
✔️ Кездесудің негізгі мақсаты – халықпен ашық пікір алмасып, елді мекендегі өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын айқындау.
✔️ Аталған жиын барысында облыс мәслихат депутаттары атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобалар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерге тоқталды.
✔️Жиында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі Азат Оралбаев пен облыстық мәслихат депутаттары тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің заң талаптарына сәйкес қаралатынын атап өтті. Айтылған ұсыныстарды тиісті сала мамандарымен бірлесіп зерделеніп, шешу жолдарын қарастыру қажеттігі айтылды. Аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыру, бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану мәселелеріне де басымдық берілді.
✔️Кездесу қорытындысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, халықпен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету және елді мекендердегі өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру маңызды екені айтылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1263622?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді