Марат Пашимов Алматыдағы медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов күрделі жөндеу, қайта жаңғырту және ғимараттарды сейсмикалық тұрғыдан күшейту жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар медициналық ұйымды аралады.

«Алау» балаларды оңалту орталығында 2025 жылғы қыркүйек айынан бері күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Қазір ғимараттың ішкі бөлмелері мен қасбеті жаңартылып, заманауи терезелер орнатылып жатыр. Сонымен қатар балаларға арналған жаңа ойын және серуендеу алаңдары салынып, орталық аумағы абаттандырылып отыр.

№16 қалалық емханада ғимаратты сейсмикалық тұрғыдан күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Бұл медициналық мекеменің тұрғындарға үздіксіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік беріп отыр. Қазір емханаға тіркелген 56 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ басқарма басшысы №7 қалалық клиникалық ауруханаға барып, мұнда жүзеге асырылып жатқан ауқымды жаңғырту жобасының барысымен танысты. Ауруханада емхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ стационарды қайта жаңғыртудың алғашқы кезеңі іске асырылып отыр. Бұл кезеңде стационардың он бір павильонының алтауы жаңартылады. Барлық жұмыс медициналық көмектің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз ете отырып атқарылып келеді.

Бұдан бөлек, жоба аясында аурухана аумағын кешенді абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және аурухананың негізгі бөлімшелерін қайта жаңғырту көзделген.

Жұмыс сапарының қорытындысында Марат Пашимов медициналық ұйымдарды жаңғырту жұмыстары пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қолжетімдігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1263667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді