ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025 ж. №50 бұйрығы).

Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер  хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет . 

Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:

1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;

2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді; 

3) полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;

4) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу; 

5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиды.

Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.

Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

1) Басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

2) Алынбаған тәртіптік жазалары бар;

3) Оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

 Түркістан облысы прокуратурасының Кадрлық жұмыс тобы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1264133?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді