Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 15-17 шілдеде Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидалары» бойынша медициналық- әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібіне қатысты түсіндірме, №1 МӘС бөлімінің 6 айлық қорытындысымен мүгедектік көрсеткіштеріне талдау жасалды. Сырттай проактивті қызмет көрсету көрсеткіштері бойынша талқылау жүргізіліп, дәрігерлердің сұрақтарына жауап берілді.       

Сонымен қатар, Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 15 қосымшасы «Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіндегі»  15 нозологиялық  нысандар  бойынша  ескертулер  жасалып, нұсқаулар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1264176?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді