Ақмола облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай белсенділер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының  30 жылдығы еліміздің бірлігі мен этносаралық келісімнің символы ретінде кеңінен аталып өтуде. Осы айтулы датаға орай Ақмола облысында ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.​

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдар, ғылыми және педагогикалық қауымдастық, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды облыс әкімі Марат Ахметжанов жүргізіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішінде ел бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.​

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл тек символ емес, ол бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін нақты механизм. Бүгінгі таңда ол елдегі түрлі этнос өкілдері арасында өзара түсіністік пен сенімді нығайтуда маңызды миссия атқаруда. Біз Ақмола облысында бұл қозғалыстың белсенді дамып, ұлттық бірлікке үлес қосып жатқанына мақтанамыз», – деді Марат Ахметжанов өз сөзінде.

Соңғы бір жылда облыста 1000-нан астам іс-шара өткізіліп, 40 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл шаралар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, мемлекеттік тілді дамыту және волонтерлікті ілгерілету бағыттарын қамтыды.​

«Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, зиянды әдеттерден арылту, үнемшілдікке баулу және бірлікті насихаттау мақсатында ақсақалдар кеңесі «Адал Азамат», «Кемелдік пен креатив» жобаларын жүзеге асыруда. Аналар кеңестері отбасылық құндылықтарды сақтау, ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» және «Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні» жобаларын белсенді түрде жүзеге асыруда. Биыл кеңес бастамасымен «Ақ тілек: 30 жұпқа бақыт сыйлау» жобасы іске қосылып, жас жұптарға бата беру рәсімі ұйымдастырылды», – деп атап өтті ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев.

Медиация мен қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылуда. «Елдесу және татуласу» жобасын жүзеге асыратын этномедиациялық орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Ассамблея жастары» қозғалысы «Social jastar», «Этно-view» және «Тәрбие басы – еңбек» сияқты бастамаларды жүзеге асырып, жастар арасында жауапкершілік пен мәдени әртүрлілікке құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталған.​

Родина ауылы мектебінің директоры Елена Нижник: «Біз тек азаматтарды ғана емес, өз елінің патриоттарын тәрбиелеудеміз», – деп мектептегі патриоттық тәрбиенің тәжірибесімен бөлісті.​

Корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Ольга Лян этномәдени ерекшелікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.2023 жылы «Жомарт жан» орталығы арқылы 20 мыңнан астам мұқтаж адамға 58 миллион теңгеден астам көмек көрсетілген қайырымдылық жобаларына ерекше назар аударылды.​

Жиын соңында қоғамдық келісім мен этносаралық достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды. Марапатталғандар қатарында этномәдени бірлестіктердің басшылары, ғылыми қауымдастық өкілдері, педагогтар, еңбек ардагерлері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.​

«Біздің орталық 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Біз үшін басты міндеттердің бірі – қайырымдылық. Біз қоғамдық өмірге белсенді қатысып, ұлттық мерекелер мен кездесулер ұйымдастырамыз. Жастар қанатымыз дәстүрлерді сақтап, оларды болашақ ұрпаққа жеткізуге көмектеседі. Біз үшін Ассамблеяның мерейтойы – бұл тек дата ғана емес, ортақ іске қосқан үлесіміздің мойындалуы», – деді өзбек этномәдени орталығының төрайымы Тожибуви Медетова.

Алдағы уақытта Ақмола облысының делегациясы Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін ҚХА-ның 34-сессиясына қатысады. Облыс өздерінің жан-жақты жұмыс нәтижелерін ұсынып, ел бірлігін нығайтуға үлес қосуға дайын.​

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/976836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді