
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы инвесторларды жеке қабылдады. Қабылдау барысында бизнес өкілдерінің инвестициялық жобаларды іске асыру және олардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өтініштері қаралды.
Жеке қабылдауда отандық өндірушілерді қорғау, әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік сатып алу тетіктерін жетілдіру, инвестициялық келісімдерді іске асыру және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері талқыланды.
Әрбір өтініш бойынша Бауыржан Ералы жауапты құрылымдық бөлімшеге тиісті тапсырмалар берді. Барлық мәселе толық шешілгенге дейін Комитеттің бақылауына алынды.
Комитет төрағасының инвесторларды жеке қабылдауы апта сайын тұрақты негізде өтеді. Сонымен қатар, инвесторлар жобаларды сүйемелдеу және құқығын қорғау мәселелері бойынша 115 Call-орталығы арқылы да Комитетке жүгіне алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1264020?lang=ru

Жауап қалдыру