Бұланды ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұланды ауданының Макинск қаласында аудан прокуратурасы мен әкімдігінің ұйымдастыруымен қала аумағын абаттандыру және тазалау бойынша республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді.
Акцияға прокуратура, аудан әкімдігі және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Макинск қаласының көшелері, саябақтары, қоғамдық орындары мен оларға іргелес аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қаланың көркеюі мен қоршаған ортаны қорғауға өз үлесі қосылды.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау қағидатын дәріптеу және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға азаматтардың жауапкершілігін арттыру.
Бұланды ауданының прокуратурасы аудан тұрғындары мен қонақтарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.

Ақмола облысының прокуратурасы 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1265133?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді