
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік жоспар аясында «Жез Жастары» жастар ресурстық орталығының жастарымен кездесу өткізіп, «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының негізгі мақсаттары мен жүзеге асырып жатқан жобалары туралы таныстырды.
Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін дамыту және өңір жастарын қоғам өміріне кеңінен тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1265741?lang=ru


Жауап қалдыру