Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️2026 жылғы 24 шілдеде Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.А. Музатова Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен «Конституцияға енгізілген жаңашылдықтарды» түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
🔹Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, олардың құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және құқықтық реформаларды іске асырудағы маңызы кеңінен айтылды.
🔹Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, Конституциялық Соттың рөлін күшейту, адам құқықтарын қорғау институтын дамыту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1266740?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді