«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс

Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.08.2026 – 04.08.2026

Қабылдау 1 этап: 03.08.2026- 04.08.2026

Қабылдау 2 этап: 05.08.2026

Эссе: 06.08.2026

Сұхбат: 10.08.2026

Анықтама телефоны: 87770619919

C-O-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391.5

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс

Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің

әкімшілік басқармасының басшысы, C-O-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

1.Департаментті жоғары білікті мемлекеттік қызметкерлермен

жиынтықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, тұрақты ұжымды

қалыптастыру, оның сапалы құрамын тұрақты түрде жақсартып отыру және

аталған сұрақ бойынша жәрдем көрсету.

2.Департаменттің құрамын жетілдіру бойынша ұсыныстар өніміне қатысу.

3.Өз құзіреті шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге ат салысу.

4.Басқарма қызметінің жұмысын жоспарлауға және жалпы басшылық

жасауға, Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттік тобын

айқындау; басшылықтың тапсырмаларын сапалы орындауды ұйымдастыру;

Басқарманың құзіретіне енетін сұрақтар бойынша ұсыныстарды департамент

қарауына ұсыну; Басқарманың жұмысын оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге

асыру; Басқарманың жұмыскерлерінің қызметтеріне әдістемелік басшылық

жасау; Басқармаға келіп түскен құжаттамаларды жедел түрде қарастыруды

қамтамасыз ету; Департамент басшылығымен өткізілетін жиналыстарға қатысу.

5.Департаменттің лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің

біліктілігін арттыру, қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

  1. Экономикалық тергеу қызметі жүргізетін жедел іс-шаралар бойынша

құпия құжаттамамен жұмыс

  1. Департамент қызметкерлерінің бос лауазымдарға конкурстардың

өткізілуін бақылау

8.Департамент органының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің

тарапынан заңсыз істерді және лауазымдық заң бұзушылықтарды, сыбайлас

жемқорлықты тоқтату және алдын-алу, анықтау, қызметтік тергеу жүргізу.

9.Қорларды тиімді пайдалану бойынша және басқарушылық шешімдерді

қабылдау бойынша ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету.

  1. Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын іске

асыру және мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулер мәселелері бойынша

Департамент қызметінің мониторингін, анықталған бұзушылықтарды жою

жөніндегі іс-шараларды әзерлеу. Басқарманың әкімшілік қызметкерлерінің

әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша әкімшілік қызметкерлерге қызметтік тергеу

және тексеру жүргізуге.

11.Кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы қарау.

12.Лауазымдық міндеттері мен құзыретіне сәйкес, басшылықтын өзге де

тапсырмаларын орындау.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар

жүргізеді, оларды уақытылы жауап дайындауды қамтамасыз етеді.

  1. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырады.
  2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін

сақтайды.

  1. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды.
  2. Басқарманың интернет-ресурсына және бұқаралық ақпарат

құралдарына бөлімнің жұмысына қатысты ақпаратты орналастыруды

қамтамасыз етеді.

 

Қосымша талаптар:

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы үшін

персоналды басқару жөніндегі сертификаттың (HR саласындағы

сертификаттың) немесе персоналды басқару саласындағы білімі туралы

құжаттың болуы талап етіледі.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, экономика,

қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, государственное и местное управление

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,

жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,

адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім

қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның

штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,

B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан

төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық

деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе

Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының

жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья

лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес

салаларда үш жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот

тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне

(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-zko/press/news/details/1267049?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді