
Ұлытау облысында Жаңаарқа, Қызылжар және Қаражал станциялары теміржол вокзалдарының реконструкциялау жұмыстары аяқталды.
Реконструкция барысында вокзалдарда шатырды монтаждау, ғимараттардың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау инженерлік желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, перрондар қайта жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды. Әрлеу жұмыстарында отандық өндірістің ұзақ мерзімге төзімді әрі өрт қауіпсіздігі талаптарына сай материалдары пайдаланылып, өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес қосымша эвакуациялық шығу жолдары жабдықталды.
1971 жылы салынған Жаңаарқа станциясының вокзалы қолданыстағы 315,1 шаршы метр ғимаратын сақтай отырып қайта жаңғыртылды. Вокзал I санатқа жатады. Станция арқылы тәулігіне 12 жолаушылар пойызы қатынайды. Олар Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау және Бейнеу бағыттарымен қатынасты қамтамасыз етеді.
2012 жылы салынған Қызылжар станциясының вокзалы ғимараттың 103,8 шаршы метр аумағын сақтай отырып қайта жаңғыртылды. Вокзал III санатқа жатады. Станция арқылы тәулігіне 10 жолаушылар пойызы қатынайды. Олар Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау және Бейнеу бағыттарымен қатынасты қамтамасыз етеді.
1958 жылы салынған Қаражал станциясының теміржол вокзалы реконструкциядан кейін жалпы алаңы 395,94 шаршы метрді құрайтын заманауи ғимаратқа айналды. Станция арқылы Қарағанды қаласымен теміржол қатынасын қамтамасыз ететін екі жолаушылар пойызы қатынайды.
Вокзалдарды реконструкциялау жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, теміржол инфрақұрылымы нысандарында жайлы жағдай жасауға және Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтарына көрсетілетін көлік қызметінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1267134?lang=ru

Жауап қалдыру