«Бір шаңырақ астында»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ерназар ауылдық кітапханасында оқушылар арасында достық пен татулықты нығайтуға бағытталған «Бір шаңырақ астында» атты танымдық шара ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы қазақ мәдениетіндегі «шаңырақ» ұғымының мәнін түсіндіріп, ұлттық бірлік пен ортақ құндылықтар туралы айтты. Оқушылар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, мәдени мұрамен танысты. Сонымен қатар, халық әндері мен дәстүрлері туралы викторинаға қатысып, білімдерін көрсетті. Пазл құрастыру арқылы балалар шығармашылық қабілеттерін де байқатты.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/977568?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді