
Сауран ауданы әкімінің аппарат басшысы, сондай-ақ аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бекзат Абубакиров аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар тарапынан негізінен тұрақты жұмысқа орналасу, мемлекеттік қызметке тұру мүмкіндіктері және осы бағыттағы талаптар туралы сұрақтар көтерілді.
Бекзат Абубакиров мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі мен кезеңдерін, сондай-ақ заңнамада көрсетілген талаптар мен міндеттемелерді түсіндіріп, азаматтарға нақты бағыт-бағдар берді. Ол мемлекеттік қызметтің ашықтық және әділдік қағидаттарына негізделетінін атап өтіп, әрбір үміткердің біліктілік талаптарына сәйкес келуі маңызды екенін еске салды.
Сонымен қатар, қабылдау барысында жұмысқа орналасуда жиі кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары да талқыланды. Мұндай жеке қабылдаулар өтініштерді тікелей тыңдап, оларға уақтылы және сапалы жауап беру үшін ұйымдастырылуда. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметке деген сенімді арттырып, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/977567?lang=kk

Жауап қалдыру