
Адамның негізгі фундаменталды құқықтары аясында ұйымдастырылған «Адам құқықтары жөніндегі диалог» атты дөңгелек үстелге қатысқан құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдері іс-шарадан соң қоғамдық қабылдауда азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдау аясында жұмыспен қамту, мүгедектік анықтау, коммуналдық тұрғын үй кезектілігі, коммуналдық төлемдер тарифтері мәселелері бойынша азаматтар жүгінді.
Әр жүгінген адам тиісті мемлекеттік органнан түсіндірме алды және мұндай форматтағы бірлескен қабылдауларды ұйымдастыруды жалғастыратын боламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/977565?lang=kk

Жауап қалдыру