
⚜️ Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Шалқар қаласында күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, теміржол саласының өкілдері, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Асылбек Есенбаев теміржол инфрақұрылымы нысандарын жаңғырту өңірді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.
💬 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде теміржол инфрақұрылымы нысандарын жаңарту жобалары жүзеге асырылуда. Ақтөбе облысында жеті теміржол вокзалына күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгін біз өңірдегі маңызды көлік тораптарының бірі саналатын Шалқар қаласының вокзалын пайдалануға беріп отырмыз. Бұл нысан аудан тұрғындары үшін аса маңызды. Теміржол Шалқардың дамуына әрдайым ерекше үлес қосып, өңірді еліміздің өзге аймақтарымен байланыстырып келеді. Жолаушыларға қолайлы әрі заманауи жағдай жасау – халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстың бір бөлігі. Осындай жобалардың жүзеге асырылуы облыс әкімі Асхат Шахаровтың ерекше бақылауында», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ Асылбек Есенбаев жобаны қолдаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне және құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы орындаған «СК-Ретма» мердігер ұйымына алғыс білдірді.
⚜️Шалқар стансасының тарихы бір ғасырдан аса уақытты қамтиды. Ол өңірдегі маңызды теміржол магистральдарының бірі әрі еліміз үшін стратегиялық маңызы бар нысан саналады. Күрделі жөндеуден кейін вокзал ғимараты толық жаңартылып, заманауи күту залдары, ана мен бала бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалды, инженерлік жүйелер толықтай жаңартылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы директорының орынбасары Орал Уксакбаев вокзал инфрақұрылымын жаңғырту жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталғанын айтты.
💬 «Бүгінде Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның аясында республика бойынша 124 нысан жаңартылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1267874?lang=ru

Жауап қалдыру