
Егер адам Қазақстанда еңбек етіп, кейін Әзербайжанға көшсе немесе керісінше болса, оның еңбек өтілі мен зейнетақы құқығы қалай сақталады?
Осы мәселені реттеу үшін Қазақстан мен Әзербайжан арасында зейнетақымен қамсыздандыру саласында халықаралық келісім жасалған.
Келісімге 1996 жылы Баку қаласында қол қойылып, 1999 жылғы 4 наурыздан бастап күшіне енді.
Бұл келісімнің басты мақсаты – екі елдің азаматтарының әлеуметтік құқықтарын қорғау. Яғни, азамат басқа елге қоныс аударса да, оның еңбек өтілі заңнамаға сәйкес ескеріліп, зейнетақы рәсімдеу кезінде қаралады.
Сонымен қатар, 1992 жылғы ТМД елдерінің азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге сәйкес, 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанда, Әзербайжанда және бұрынғы КСРО аумағында жинақталған еңбек өтілі де есепке алынады.
Қазақстан мен Әзербайжанның осы бағыттағы ынтымақтастығы:
• азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға;
• еңбек өтілін сақтауға;
• зейнетақы тағайындау мәселелерін реттеуге;
• әлеуметтік қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Мұндай халықаралық келісімдер еңбек көші-қоны жағдайында азаматтардың құқықтарын қорғап, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуына ықпал етеді.
№1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Садырбаева А.Б
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1269191?lang=ru

Жауап қалдыру