
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Е.Х. Махмутовтың төрағалығымен Маңғыстау аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXI сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімі Ғ. Ниязов, аудан әкімінің орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен мекеме-кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде:
Сессия жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Ғалымжан Ниязов қаралған мәселелердің ауданның тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттырудағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қабылданған шешімдердің сапалы әрі уақытылы орындалуы басты міндет екенін атап өтіп, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар депутаттардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген ұсыныстар бойынша тиісті түсіндірмелер айтылды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-audany/press/news/details/1269210?lang=ru

Жауап қалдыру