Кедендік декларацияның 31-бағанын толтыру – кедендік декларациялаудың маңызды кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілгенін салады.

Декларацияның маңызды бағандарының бірі 31-баған “Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы” болып табылады. Осы бағанда көрсетілген мәліметтер тауарды сәйкестендіру және жіктеу, кедендік төлемдерді анықтау және кедендік бақылау жүргізу үшін қажет.
Бағанды толтыру кезінде тауардың толық атауы, өндіруші туралы мәліметтер (бар болған жағдайда), тауар белгісі, маркасы, моделі, артикулы, техникалық сипаттамалары және тауарды бірмәнді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті декларацияда көрсетілетін мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы кедендік ресімдеудің дұрыс жүргізілуіне ықпал ететінін еске салады. Тауарларға арналған декларацияны толтыру талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 535-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1269356?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді