60- тан аса жас қызметкер қызметке қабылданды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылып, 60- тан аса жас қызметкер салтанатты түрде қызметке қабылданды.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов жас қызметкерлерді құттықтап, қызметтік тәртіпті қатаң сақтап, заң талаптарын бұлжытпай орындауға, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға шақырды.

Кездесу соңында жас қызметкерлерге алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, кәсіби біліктіліктерін шыңдап, халық сеніміне лайық қызмет ететініне сенім білдірді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1270167?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді