Қызылорда облысында қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа су жүйесі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысының Жаңақорған кентіндегі «МАИ бекеті» шағын ауданында жаңа су тарату станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Құны 1,1 млрд теңге әлеуметтік нысан прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер қаражаты есебінен салынды.

Жаңа жүйе Жаңақорған кентінің «МАИ бекеті» және «Алтықрант» шағын аудандарының 2,5 мыңға жуық тұрғынын    (773 тұрғын үй) ауыз сумен қамтамасыз етті.

Бұған дейін аталған аумақ орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмағандықтан тұрғындар шахталық құдықтардың суын пайдаланып келген.

Нысанның іске қосылуы көп жылдан бері қордаланған мәселені шешіп, халықтың сапалы ауыз суға қолжетімділігін қамтамасыз етті.

Жалпы қайтарылған активтер есебінен Қызылорда облысында қазіргі таңда 14,1 млрд теңгені құрайтын 15 нысан толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Мысалы, Арал ауданында құны 1,9 млрд теңгеге 25 орындық жаңа жұқпалы аурулар бөлімшесі пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, құны 22,3 млрд теңге 14 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Қайтарылған активтердің халық игілігіне жұмсалуы – әлеуметтік әділдікті қалпына келтірудің нақты көрінісі.

Қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуы және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1270425?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді