
Түркістанда еліміздің барлық өңірінен 650-ден астам адвокаттар мен заң консультанттарының қатысуымен «Алимент өндіріп алу бойынша халықаралық құқықтық көмек. Ұлттық құқық қолдану ерекшеліктері» тақырыбында ауқымды семинар-тренинг өтті.
Іс-шара ЕҚЫҰ қолдауымен Адам құқықтары саласындағы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Шараға сот әкімшілігінің халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары -Талғат Тасқожин, Сот әкімшілігінің бас консультанты – Гаухар Егенбердиева, Түркістан облысының кәмелетке толмағандар суда жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы – Сауран Бақтыбек Смағұлұлы және заң консультанты- Аржан Сәдуақас негізгі мәселелер бойынша сөз сөйледі.
Қатысушыларға БҰҰ-ның шетелде алимент өндіріп алу туралы Конвенциясының, балаларға алимент өндіріп алудың халықаралық тәртібі және отбасын асыраудың басқа да нысандары туралы Гаага Конвенциясының негізгі ережелері, сондай-ақ осы саладағы трансшекаралық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Семинар шынайы диалог үшін интерактивті алаңға айналды: заң қоғамдастығының өкілдері көптеген практикалық сұрақтар қойып, оларға спикерлер тарапынан жан-жақты және кәсіби жауаптар берілді.
Әділет министрлігі құқықтық мәдениетті нығайтуға және отбасы құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ете отырып, осындай іс-шараларды 2024 жылдан бастап тұрақты негізде жүргізуді жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/978371?lang=kk

Жауап қалдыру