
«Заң мен тәртіп» — ашық әрі әділ қоғам кепілі!
Шет ауданы Ақжал кентінің белсенді жастар еріктілері «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы ақпараттық акция өткізді.
Іс-шара барысында еріктілер кент тұрғындарына жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсіндіріп, ақпараттық парақшалар (листовкалар) таратты.
Басты мақсат — әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық пен жауапкершілікті күнделікті өмір салтына айналдыру.
Тәртіп өз отбасымыздан, өз ортамыздан басталады. Адал қоғамды бірге құрайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1271428?lang=kk

Жауап қалдыру