Құрметті құрылыс саласының ардагерлері мен мамандары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс – мемлекетіміздің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы стратегиялық маңызы зор салалардың бірі. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына құрылыс саласының қосып отырған үлесі зор.
Бүгінде Төлеби ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 миллиард теңгеге жетіп, 26 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – құрылыс саласы мамандарының тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде бой көтерген әрбір нысан – ел игілігіне қызмет ететін маңызды жоба.
Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың салынуы ауданымыздың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жол ашуда.
Барша құрылыс саласының мамандарына еңбектеріңізге табыс, қолға алған жобаларыңызға сәттілік тілеймін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!
Жауап қалдыру