Алматы облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Қарасай орталық аудандық ауруханасының дәрігерлерімен кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жолдамаларды рәсімдеу сапасын арттыру, оңалтудың техникалық құралдарын дұрыс таңдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында:

🔹 МӘС-ке негізсіз және сапасыз рәсімделген жолдамаларға талдау жүргізіліп, медициналық құжаттаманың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды;

🔹 пациенттің медициналық көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері және жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарын дұрыс таңдау мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңыздылығы, қызметтік міндеттерді орындау барысында заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын сақтау қажеттілігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында дәрігерлік-консультациялық комиссиямен жұмысты одан әрі күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Басты мақсат – халыққа сапалы, қолжетімді және ашық медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1272446?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді