Өзгенің көлігін металлоломға өткізген: Өскеменде бірқатар қылмыстың беті ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өзгенің көлігін металлоломға өткізген: Өскеменде бірқатар қылмыстың беті ашылды

Өскемен қаласында полицейлер 25 жастағы жергілікті тұрғынның бірқатар қылмысқа қатысы барын анықтады. Аталған деректер қатарында екі автокөлікті заңсыз иелену және көлік құралын есірткілік масаң күйде басқару фактілері бар.

Алғашқы жағдайда ер адам тұрғын үйдің ауласында ұзақ уақыт бойы тұрған Mazda Cronos автокөлігін байқаған. Көлікті иемденуге ешқандай құқығы жоғына қарамастан, ол мобильді қосымша арқылы эвакуатор шақырып, автокөлікті алып кетіп, металлоломға өткізген. Ол үшін құқық бұзушы 35 мың теңге алған. Көлік иесіне шамамен 1 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Бір аптадан кейін күдікті тағы да құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Қонақта болған кезде ол кіреберісте қалдырылған LADA 21703 автокөлігінің кілтін байқап, жағдайды пайдаланып, кілтті алып, көлікпен рұқсатсыз кетіп қалған.

Сонымен қатар оның бұған дейін көлік құралдарын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Автокөлікті патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан кезде жүргізілген медициналық куәландыру оның ағзасында каннабиноидтар барын көрсетіп, есірткілік масаң күйде болғанын растаған.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін заңсыз иелену және көлік құралын масаң күйде басқару заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1273214?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді