
Шымкент қаласы Полиция департаментінде ҚР ІІМ Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Сұңғат Балабиевтің қатысуымен көшпелі кластерлік кеңес өтті.
Жиынға Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты, ал Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары полиция департаменттерінің өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.
Кеңес барысында заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, кадрлық бұйрықтарға шағымдану, тұрғын үй төлемдерін тағайындау, өтемақы төлеу және регрестік талаптарды қарау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Е-Өтініш» сервисі арқылы ішкі істер органдары басшыларының шешімдеріне шағымдануға қатысты мәселелер қаралды.
Жиын соңында қатысушылар тәжірибе алмасып, құқық қолдану барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1273198?lang=ru

Жауап қалдыру