«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданда құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы ведомствоаралық кезектен тыс комиссия отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімі А.Шүйіншәлиев, аудан прокуроры Н.Тұрышев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев және бірқатар мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде жыл басынан бергі 7 айдың қорытындысы бойынша анықталған құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың себептері талданып, олардың алдын алу шаралары қаралды. Әсіресе профилактикалық есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік жағдайын зерделеу, олармен жеке жұмыс жүргізу және қайталама қылмысқа жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге құқықбұзушылықтың алдын алуды күшейту, есептегі азаматтармен жүйелі түрде жеке жұмыс жүргізу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1273199?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді