Мұхаммед VI атындағы 20-шы Халықаралық Құран оқу байқауы 2026 жылдың 10-13 тамыз аралығында Рабатта өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталған конкурсты Марокко Корольдігінің Уақып және Ислам істері министрлігі ұйымдастырады. Байқаудың мақсаты – Қасиетті Құранды зерттеуді қолдау, тәжуид ережелеріне сәйкес дұрыс оқуға шақыру, жаттау дәстүрін сақтау және әртүрлі елдерден арасындағы рухани байланыстар мен достықты нығайту. Жеңімпаздар екі номинация бойынша анықталады: Құран Кәрімді толық жатқа оқу және екі жарым параны тәжуидпен жатқа мәнерлеп оқу.

Биыл байқауға Азия, Африка, Еуропа және Америка 4 құрлықтың 53 елдің өкілдері қатысуда: Біріккен Араб Әмірліктері, Албания, Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Бенин, Буркина-Фасо, Бурунди, Габон, Гамбия, Гвинея, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Иордания, Йемен, Индонезия, Үндістан, Ирак, Канада, Қазақстан, Камерун, Кот-д’Ивуар, Комор аралдары, Конго, Кения, Қытай, Кувейт, Катар, Ливия, Ливан, Мауритания, Мали, Малайзия, Марокко, Мальдив аралдары, Нигерия, Нигер, Египет, Оман, Палестина, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Судан, Сомали, Сенегал, Сьерра-Леоне, Сирия, Того, Тунис, Түркия, Танзания, Чад, Орталық Африка Республикасы.

Қатысушылардың өнерін бағалау үшін тоғыз қазы, алты мароккалық және төрт халықаралық қазылар алқасы шақырылды, олардың құрамында әртүрлі елдерден келген танымал қарилер, ислам ғалымдары және хафиздер бар.

Қазақстан бұл байқауға екінші рет қатысып, биыл елімізді Алматыдан Саки Сатешов және Шымкенттен Ерлан Битанов екі қари жарысқа қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1273305?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді