
Семей қаласында террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – объектілердің қауіпсіздік деңгейін арттыру, терроризм профилактикасы шараларын күшейту және қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру.
Іс-шара барысында қатысушыларға терроризмге қарсы қорғалу талаптары, объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен күдікті жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл жасау тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шара барысында терроризм қауіп-қатерін алдын-алуда азаматтардың қырағылық пен жауапкершілік танытулары ерекше рөл атқаратындығына назар аударылды.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Аталған профилактикалық іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, штаттан тыс жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға және қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етуге бағытталған.
Материал Абай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1274741?lang=ru

Жауап қалдыру