Террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігі бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ә.Оралбаевтың төрағалығымен қала аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру мәселелері бойынша 50-ге жуық объект иелері және 25 күзет қызметінің жауапты тұлғаларының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйі, қолданыстағы заңнама талаптарының орындалу деңгейі, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кеңінен талқыланды.
Атап айтқанда, объектілерді инженерлік-техникалық жарақтандыру, бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, кіру-өткізу режимін ұйымдастыру, күзет қызметінің тиімділігі, дабыл түйме жүйелерінің жарамдылығы және терроризмге қарсы қорғалу паспорттарының өзектілігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген тексеру және мониторинг жұмыстарының нәтижелері жеткізіліп, анықталған кемшіліктер мен оларды жою жолдары қарастырылды. Объект иелеріне терроризмге қарсы қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау, қауіпсіздік шараларын күшейту, қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерін тұрақты түрде пысықтап отыру қажеттілігі түсіндірілді.
Жиын қорытындысы бойынша объект басшыларына террористік қауіп-қатерлердің алдын алу, қауіпсіздік деңгейін арттыру және анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, терроризмге қарсы қорғалу талаптарының орындалуын тұрақты бақылауда ұстау және жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Материал Ақтөбе облысы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде
дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1274747?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді