Қауіпсіздік сабағы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қалалық мәдениет саласының, қорғаныс істері және төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлерімен терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы сабақтар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында экстремизм мен терроризм сипатындағы теріс идеологияның қалыптасуына және таралуына жол бермеу, қауіп туындаған кездегі алғашқы әрекет ету алгоритмін бойларына сіңіру болып табылады.

Кездесуде ҚР-да тыйым салынған теріс идеологияны уағыздаушылар туралы сөз қозғалды. Аталғандар әлеуметтік желілер арқылы теріс идеологияларды насихаттап, террористік әрекеттер жасауға итермелейді. 

Осыған байланысты қатысушыларға күмәнді ақпараттар мен сілтемелерден сақ болу, белгісіз тұлғалардан келетін хабарламаларға сын көзбен қарау, жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жалған ақпараттарды ажырату жөнінде кеңестер берілді.

ҚР ҰҚК ТҚО Штабымен дайындалған арнайы алгоритм талаптары көрсетілген бейнематериалдар ұсынылып, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Сондай-ақ, террористік қауіптің түрлері, оларға қарсы әрекет ету реттіліктері түсіндірілді.

Кездесу қорытындысымен қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар берілді.

 

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1274746?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді