ТЕҢБІЛДОПШЫЛАР — ТӨРДЕ
Бүгін аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов Қостанай облысы, Рудный қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлдемен оралған А.Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол үйірмесінің оқушыларын қабылдады.
Жұмагелді мырза жас спортшыларға құттықтау лебізін білдіріп, арнайы дайындаған сый-сияпатын табыстады.
Сонымен қатар, футболшыларды республика деңгейінде үлкен нәтижеге жетуіне себепкер болған жаттықтырушылардың иығына шапан жауып, алғыс хатпен марапаттады.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ

Жауап қалдыру