Үкімет жыл сайын Маңғыстау өңірінің түлектеріне арнап мақсатты білім беру гранттарын бөледі. Осылайша, Маңғыстау жастарының жоғары білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қоғамдық Коммуникация орталығында өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев айтты.
2022 жылдан бастап Маңғыстау облысы жастарын басым бағыттар бойынша еліміздің 40-тан астам алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты гранттар бөлініп келеді. Руслан Емелбаевтың айтуынша, бұл — жастар үшін үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ, 2025 жылы мақсатты білім беру гранттарының саны – 2 мыңды құрады. Бұл гранттар маңғыстаулық жастардың еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуына мүмкіндік беруге бағытталған.
– Оның ішінде, педагогикалық ғылымдарға – 300 грант және әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 200 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласы мамандықтарына– 200 грант, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 300 грант бөлінбек. Сондай-ақ, бұл гранттарға мектеп түлектерімен қатар, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша колледж түлектері де үміткер бола алады. Сондай-ақ басқа қалалардан келген студенттерге арналған жатақханалар, тамақтану және медициналық қызметтердің болуы сияқты критерийлерге ерекше назар аударылды,- деді Руслан Емелбаев
Сонымен қатар, 2024 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Маңғыстау облысы үшін кадрлар даярлау жобасын іске асыру аясында ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспар бекітті және ол жоғары оқу орындары мен өңірлік білім басқармаларына жолданды. Бұл жөнінде Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова өз пікірін білдірді
– Жастардың қажетті мамандықты оқуына мүмкіндік алуы — маңызды. Жас түлектер саналы таңдау жасап, болашақта сұранысқа ие мамандық иесі атануы үшін жағдай жасау қажет. 2025 жылғы қаңтарда өткен ҰБТ-ға 8 470 тіркелген адамның ішінен 8 398 адам қатысты. Оның ішінде 5 560 адам (66,2%) шекті балды жинады, ал 2 838 адам (33,7%) шекті балды еңсере алмады. Орташа балл – 64,5 құрайды. 2024 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Маңғыстау облысы үшін кадрлар даярлау жобасын іске асыру аясында ақпараттық сүйемелдеу бойынша Медиа-жоспар бекітті және ол жоғары оқу орындары мен жергілікті білім басқармаларына жұмыс істеу үшін жолданды,- деді Наужан Дидарбекова
Жауап қалдыру