Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясының отырысы өткізілді. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық жасап, ашып,жүргізіп отырды.
Атаулы жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасарлары Оразбеков Байдулла, Төлегенов Талғат, Мекенхан Қозыханұлы және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ дербес бөлім басшылары қатысты.

мәселе қаралды:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі;
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «бизнесті қолдау және туризм бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі;
3. Түркістан қалалық мәслихатының шешімдерінің орындалуы туралы;
4. 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы мерекеленуіне орай қосымша материалдық көмек көрсету туралы;
5. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Түркістан қалалық учаскелік комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №12/53-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6. Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Худияров Галымжан Батырхановичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
7. Түркістан қалалық мәслихатының2023 жылғы 30 наурыздағы №1/4–VІІІ «Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және тұрақты комиссия төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жауап қалдыру