САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН  ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ – ПАТРИОТТЫҚ  САЙЫС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданында Ұлы жеңістің 80 жылдығына және  кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай аудан әкімінің кубогы үшін жастар арасында «Біз мәңгілік ел ұландарымыз!» атты  аудандық әскери – патриоттық  сайыс өтті.

 

Сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы   Бекзат Шахирбаев,  ҚР ҰҚК Шекара қызметі  Түркістан облысы бойынша  департаментінің Cарыағаш ауданы шекара басқарма бастығының орынбасары Жәнібек Бакқалиев жастарға сәттілік тіледі.

 

 

Сайыс барысында әскерге аттанушы жастарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Сайысқа   аудан аумағындағы қала және ауылдық округтерден  9, 10, 11 сынып оқушыларынан құралған 11 команда қатысты. Жастар АК 74 қаруын бөлшектеу және жинақтау, тир ату, жеке қорғаныс киім түрлерін  уақытқа кию, білтемірге тартылу, садақ ату, арқан тартыс түрлерінен сайысқа түсті.  Сайыс ережесіне сәйкес қатысушыларының  алған орындарының қорытындысы бойынша бағаланды.

 

Нәтижесінде  І орынды Сарыағаш қаласы командасы иеленсе, ІІ орынды Дарбаза ауылдық округі командасы иеленді, ал ІІІ орынға Құркелес ауылдық округінен келген жастар жеңіске жетті. Жеңіпмаздар мен үздік қатысушыларға арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

 

Әскери – патриоттық  сайыстың мақсаты  жастардың  туған  жерге, Отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру, Жастардың  бойындағы  қайсарлық  қабілеттерін, спортқа  деген құштарлығын   арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді