ШЫМКЕНТ ЖАС ДІН МАМАНДАРЫН КҮТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 сәуір күні Шымкент қаласының Дін істері басқармасының қолдауымен, Алматы қаласындағы “Нұр-Мүбарак” Египет Ислам мәдениеті университетінде білім алып жатырған студенттермен кездесу өткізілді.

Кездесуге Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы А. Уралбаев және Шымкент қаласы бойынша ҚМДБ өкілі Б. Абдрахманов қатысып, университет ректоры Ахмед Хусейн Мухаммад Ибраһим мырзамен мен проректоры Ершат Ағыбайұлымен кездесті.

Басқарма өкілі Айдос Уралбаев студенттерге
Шымкент қаласында дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат беріп, кадр тапшылығы мәселесін де атап өтті. Сонымен қатар, болашақта оқу бітірген соң туған жерге оралып, саланың дамуына үлес қосуға шақырды.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді