Алматы облысында ағымдағы жылдың 6 сәуірі мен 10 мамыры аралығында республикалық «Жасөспірім» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді. Бұл шара ҚР Ішкі істер министрлігі жариялаған «Құқықбұзушылықтың алдын алу жылы» аясында ұйымдастырылып отыр.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, қылмыстық әрекеттердің және қоғамға қарсы мінез-құлықтың алдын алу. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында тәртіпті нығайту, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтарды анықтау, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру көзделді.
– Іс-шара барысында бес күн ішінде 700-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықтың алды алынды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бейімдеу орталығына қараусыз және панасыз жүрген 16 жасөспірім жеткізілді. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының есебіне 25 бала тіркеліп, тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамаған 20 ата-ана профилактикалық есепке алынды – деді полиция қызметкерлері.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың кіммен араласып, қайда жүргенін бақылап отыру – сіздің азаматтық әрі ата-аналық борышыңыз. Олармен сенімді әрі жылы қарым-қатынас орнату арқылы ғана қауіпті әрекеттердің алдын алуға болады. Есіңізде болсын – балаңыздың ең басты қорғаны мен қамқоршысы өзіңізсіз!

Жауап қалдыру