«АУЫЛ АМАНАТЫ»: БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі А.Жақсылықовтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы мен ауыл тұрғындары үшін маңыздылығы талқыланған мәжіліс өтті.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығарин баяндама жасап, бағдарламаның іске асырылуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері өз аумақтарында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, бағдарламаны тиімді жүзеге асыру бағытындағы шараларға тоқталды.

Аудан әкімі бағдарламаның ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу міндеттелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1276757?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді