Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес еліміздің заң шығарушы және өкілді билік органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес еліміздің заң шығарушы және өкілді билік органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.
Мерейлі марапатқа ие болған азаматтардың қатарында Қаратөбе аудандық мәслихатының төрағасы Меңдешов Нұрлан Құмарұлы да бар. Марапатты Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев табыстады.
Нұрлан Құмарұлының еңбек жолы ұстаздықтан басталған. 1991 жылы Қаратөбе ауданының Саралжын селолық советіне қарасты №2 Сәуле бөлімшесіндегі Жақсыбай бала-бақша орталау мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. Ұстаздық қызметін кәсіби біліммен ұштастырған ол 1997-2002 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерді.
2002-2004 жылдары Жақсыбай негізгі мектебінің директоры болды. Ал 2004-2013 жылдары Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Үшана ауылындағы Б. Аманшин атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде директор әрі мұғалім қызметін атқарды.
Нұрлан Құмарұлының еңбек жолы білім саласымен ғана шектелмей, журналистика мен мәдениет бағытында да жалғасты. 2013-2016 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінде директор-редактор болып, аудан тынысын ақпарат кеңістігіне жеткізуге атсалысты.
2017 жылы Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы мен Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің директоры қызметін атқарды. 2017-2021 жылдары М. Мералиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі болып, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын дәріптеуге үлес қосты.
Қоғамдық-саяси саладағы қызметі де жауапты міндеттермен сабақтасты. 2021 жылдың сәуір-желтоқсан айларында «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. Сол жылдың 7 желтоқсанынан бастап Қаратөбе аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.
2023 жылдың 1 қаңтарынан Қаратөбе аудандық мәслихатының төрағасы ретінде жергілікті өкілді органның жұмысына жетекшілік етіп келеді.
Бірнеше салада еңбек етіп, елмен етене араласқан Нұрлан Құмарұлының кәсіби жолы – туған жерге қызмет етудің, жауапкершілік пен ізденістің жарқын үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1277435?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді