Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен Жібек жолы ауылдық округіне барып, Жібек жолы және Зортөбе елді мекендеріндегі ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты мерзімінде, сапалы аяқтауды,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ә.Құрбановқа жіті бақылауды тапсырды.
-Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Бүгінгі таңда ауданда тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін кезең -кезеңімен жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді,-деді аудан басшысы.
Қазіргі таңда, Зортөбе және Жібек жолы елді мекендерінде су қоймасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жібек жолы елді мекенінде ауыз су құбырының құрылыс-монтаж жұмыстарының 75 пайызы жүргізіліп, Зортөбеде ішкі жүйе құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстары толыққанды аяқталған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/973166?lang=kk

Жауап қалдыру