Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру барысында балалардың жаппай улануына жол бермеу, мектеп оқушыларының тамақтануын дұрыс ұйымдастыру, олардың дұрыс өсіп-жетілуі, жалпы денсаулығына зиян келтірмеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) негізгі себептері ас блогы қызметкерлерінің қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтамауы, атап айтқанда: жеке гигиена қағидаларын, тамақ дайындау технологиясын, тамақ өнімдерін сақтау ережелерін бұзу болып табылады.
Осы тұрғыда ағымдағы жылдың 29 наурызында облыс мектеп директорлары, мектепке дейінгі ұйымдарының (жеке, мемлекеттік) меңгерушілері, әлеуметтік педагогтердің қатысуымен «Білім беру ұйымдарындағы тамақтануды сапалы ұйымдастыру» тақырыбында «Шығармашылық Академиясы» ғимаратында облыстық семинар өтті.
Облыстық семинар барысында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Р.М: Қойшанова «Сапалы және қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру, тағамнан уланудың негізгі себептері және олардың алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, балалар мен жасөспірімдердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында тамақтан уланудың және ЖІИ алдын алу – оқушыларды тамақтандыру саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің негізгі міндеттерінің бірі екенін еске салды.
Сонымен қатар, баяндалған жағдайлар бойынша жол бермеу мақсатында, қолданыстағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында айқындалған талаптарды қатан сақталуын қамтамасыз ету және тағамнан уланудын алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/972933?lang=kk

Жауап қалдыру