
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Орталық көпбейінді ауруханасына қарасты мобильдік медициналық кешен (ММК) ауданның шалғай елді мекендерінде тұратын тұрғындарға көшпелі медициналық көмек көрсетеді. Атап айтқанда, Айнабулақ, Қарағаш, Кенжебай-Самай, Түгіскен, Ақбастау, Ералиев, Манадыр, Ақтөбек, Атасу және басқа да ауылдарға медициналық қызмет көрсетіледі.
Аталған елді мекендер аудан орталығынан 150 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан. «Дөңгелек үстіндегі емхананың» арқасында 13,5 мың ауыл тұрғыны медициналық қызметтердің кең спектріне қол жеткізді.
Кешенде УДЗ, рентген, ЭКГ сияқты аспаптық зерттеулер, зертханалық талдаулар жүргізіледі. Сонымен қатар хирург, гинеколог, оториноларинголог, офтальмолог, стоматолог, терапевт және педиатр секілді бейінді мамандардың консультациялары көрсетіледі.
Мамандардың шығуы бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Оның шеңберінде консультациялық қабылдау, диагностикалық тексерулер, профилактикалық қарап-тексерулер, диспансерлік бақылау, ауруларды ерте анықтау және пациенттерді одан әрі емдеу тактикасын айқындау жүргізіледі.
Бұл шалғай ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1277712?lang=ru

Жауап қалдыру