Ағымдағы жылдың 04 сәуірі күні Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы аудан тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Аудан басшысының қабылдауына 11 азамат келіп, өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.

Қоғамдық қабылдауға аудан әкімімен қатар, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы, дербес бөлім басшылары мен мамандары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар елді-мекендердің жалпы инфрақұрылымы, жер дауы, табиғи газ жүргізу, тұрғын үй құжатын дұрыстау, тұрғын үй кезегі, атаулы әлеуметтік көмек, АrtSport кешенін құру үшін жұмсалған қаржы, жанар-жағармай бекеті қорғандарының тұрғын үйге шығатын жолды жауып қойғандығы, баспанамен қамту, қаржылай көмек, жұмысқа орналасу, Еркінабад ауылында салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарының аяқталмауы, мектепке қосымша АКТ зал қосу және мемлекет мұқтажы үшін қайтарған жері үшін орнына жер телімін беру секілді мәселелерді көтеріп, өтініштерін білдірді.

Аудан әкімі қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті басшыларға тұрғындар мәселесін заң шеңберінде шешуді жүктеп, тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелерді бақылауда ұстап, қосымша тиісті жауаптар берілетіндігін айтты.
«AMANAT» партиясы аудандық филиалы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/970707?lang=kk
Жауап қалдыру