Сауран ауданы әкімінің орынбасары, жұмысшы топ жетекшісі Серік Садибаев қатысуымен аудан аумағындағы заңсыз салынған құрылыс нысандарын құжаттандыру бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Кездесу барысында Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлім басшысының орынбасары, жұмысшы топ мүшесі Ешжан Бектөре қысқаша баяндама жасап, аудан әкімінің өкімі негізінде жүргізілген тексеріс нәтижесінде аудан көлемінде 254 заңсыз нысан анықталғанын мәлімдеді.
Жиында заңсыз салынған нысандарды заңдастыру қажеттілігі, құжат рәсімдеу тәртібі кеңінен түсіндіріліп, тиісті рәсімдер орындалмаған жағдайда әкімшілік айыппұл салынатыны ескертілді. Кәсіпкерлерді өз мүдделерін қорғап, заң талаптарына сәйкес әрекет етуге шақырамыз!
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/970423?lang=kk

Жауап қалдыру