Сауран ауданындағы Басқармалар үйінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді қарастыруға арналған мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ТО ВБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК аудандық филиалы, ауыл шаруашылығы бөлімі, ауылдық округ әкімдері мен ауыл шаруашылығы мамандары, сондай-ақ ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облыстық және аудандық филиалдары мен ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан қалалық аумақтық инспекциясы өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы, шегірткеге қарсы күрес шаралары, фитосанитарлық мониторинг және алдын алу шаралары, конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы атқарылған жұмыстар мәселелері баяндалды.
Жиын барысында шегірткелердің таралуына қарсы химиялық өңдеу, карантиндік шаралар мен фитосанитарлық бақылау жұмыстарының маңыздылығы айтылып, шаруаларға алдын алу шараларын уақтылы жүргізу керектігі ескертілді. Сонымен қатар, Конго-Қырым қанды безгегіне қарсы күрес жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі талқыланды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауылдық округ әкімдеріне шегіртке мен кенеге қарсы күрес шараларын күшейту, тиісті ведомстволармен бірлесіп, бақылауды қатаңдату жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/970425?lang=kk

Жауап қалдыру