“Жасыл толқын” кезеңі аясында сенбілік жұмыстары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының “Жасыл толқын” кезеңі бойынша Оранғай ауыл округінде кең ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Іс-шара Түркістан–Кентау бағытындағы автомобиль жолының бойында өтті.
Тазалық пен экологиялық тәртіпті сақтау мақсатында өткізілген сенбілікке 493 адам қатысты. Сонымен қатар, жұмыстарға 12 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында 210 түп ағаш әктеліп, жасыл аймақтар абаттандырылды. 20 тоннаға жуық қоқыс жиналып, тиісті орындарға жеткізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті нығайту және аудан аумағын таза әрі жайлы ортаға айналдыру. Сауран ауданы әкімдігі “Таза Қазақстан” акциясы аясында мұндай сенбілік шараларын алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/970429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді