ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: СЕНБІЛІКТЕ  300 ТҮП АҒАШ ЕГІЛІП, 800-ДЕН АСА ТҰРҒЫН БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында  «Таза аула» акциясын қолдау, сонымен қатар ауданды көркейту, көгалдандыру, келбетті жасыл желекке айналдыру  мақсатында көктемгі ағаш егу жұмыстары өтті. Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына 300  түп қарағаш, айлант, теректер отырғызылды. Игі шараға аудан басшысымен бірге  қызметкерлер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен жерлестеріміз көктемгі тал егу жұмыстарына бір кісідей атсалысты.

 

-Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру  жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауданымызда дәстүрлі түрде күз және көктем мезгілдерінде тұрақты түрде ағаштар егілуде.Мақсатымыз – егілген ағаштар жасыл желек  саябаққа айналып, болашақта біздің ұрпақтарымыз біздің еккен ағаштарымызды саялайтын болады, -деді Арман Абдуллаев.

 

Оған қоса, жалпыаудандық  сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары  барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау,шөптерді ору, ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 800-ден аса адам қатысып, 4 тонна қоқыс шығарылып, 4 техника жұмылдырылды.

 

Апта сайын өткізіліп келе жатқан сенбілік шарасы тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған. Ауылдың әр тұрғыны өзі тұратын ауласын таза ұстаса, бұл олардың аудан тазалығына қосқан үлесі.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/970431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді